Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық төртінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық төртінші сессиясы

 

Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық төртінші сессиясы 2026 жылғы             29 мамыр күні сағат 16:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы       2026 жылғы  29 мамыр күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.

 

 

Сессия қарауына енгізілген мәселелер:   

  1. Сарыағаш аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау туралы;
  2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы;
  3. «Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын қайта бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-50-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы №25-188-VIII «Сарыағаш ауданының жер комиссиясының құрамын қайта бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.