Бүгін САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Отырыста күн тәртібіне сәйкес маңызды екі мәселе қаралды.
1. Сарыағаш ауданы әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы қорытынды есебі;
2. Сарыағаш аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есебі.
Бірінші мәселе бойынша Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы қорытынды есеп берді. Есеп барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылым, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен қамтылды.
Екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылы атқарған қызметі жөніндегі қорытынды есебі тыңдалды. Мәслихаттың жылдық жұмыс қорытындысын аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы баяндап, жүзеге асырылған жұмыстар мен қабылданған шешімдерге тоқталды.
Жиын барысында атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, тиісті ұсынымдар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы уақытта жүйелі жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты