Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына депутаттар қатысып, күн тәртібіндегі маңызды мәселе қаралды.
Сессия отырысын мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы жүргізді. Жиынға аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы қатысып, қаралып отырған мәселе бойынша өз пікірін білдірді.
Күн тәртібінде Сарыағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №38-273-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша тиісті ақпараттар ұсынылып, депутаттар тарапынан жан-жақты талқылау жүргізілді.
Талқылау нәтижесінде аталған мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.
Сондай-ақ, жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұстапа Сүлейменовтің ауданның қоғамдық өміріне қосқан еңбегі ерекше атап өтіліп, атқарған қызметіне алғыс білдірілді. Құрмет белгісі ретінде иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жаңадан сайланған Садық Арапбаев депутаттар құрамына таныстырылып, халық қалаулылары алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты