Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Отырысқа Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы төрағалық етті. Отырыста күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Сарыағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №38-273-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды.
Аталған мәселе бойынша тиісті ақпараттар ұсынылып, комиссия мүшелері тарапынан жан-жақты талқылау жүргізілді.
Талқылау қорытындысы бойынша бұл мәселені аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты