
Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 11:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.
Сессия қарауына енгізілген мәселе:
Сарыағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №38-273-VІII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихат
төрағасы Р. Асылбекұлы