ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МӘСЛИХАТ ЕСЕБІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МӘСЛИХАТ ЕСЕБІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МӘСЛИХАТ ЕСЕБІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
 
Жылға ауылдық округінде Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы тұрғындармен жүздесті.
 
Кездесу аясында аудан әкімдігі мен мәслихаттың бір жылдық қызметінің нәтижелері қорытындыланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы кезеңге арналған басым бағыттар таныстырылды.
 
Жергілікті халық тарапынан көтерілген түйткілді мәселелер мен ұсыныстар тыңдалып, әрбір сұрақ бойынша жауапты құрылымдар мен мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
 
Сонымен бірге азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен шағымдары тіркеліп, оларды шешу жолдары заңнама талаптарына сәйкес түсіндірілді.
 
Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаты Н. Танабаев қатысып, көтерілген мәселелердің орындалуы депутаттық бақылауда болатынын жеткізді.
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты