МӘСЛИХАТТЫҢ БІР ЖЫЛДА АТҚАРҒАН ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Дербісек ауылдық округінде аудан әкімі Абдуллаев Арман және Сарыағаш аудандық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Пердекулов Қайрат тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімдігі мен мәслихаттың бір жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есеп беріліп, әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы негізгі нәтижелер таныстырылды.
Округ тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, көтерілген өзекті сұрақтар бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, тұрғындармен жеке қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалды. Әрбір мәселе тиісті тәртіппен қаралып, шешу жолдары бойынша түсіндірме берілді.
Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаттары С. Нарбаев, А. Жүсіпбаев, Ж. Жолдасбекова қатысып, тұрғындар көтерген мәселелерді бақылауына алатынын жеткізді.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты