Аудандық мәслихат төрағасы Қарақалпақ елдімекенін газға қосу рәсіміне қатысты

Аудандық мәслихат төрағасы Қарақалпақ елдімекенін газға қосу рәсіміне қатысты
Жылға ауылдық округіндегі газдандыру жұмыстарының кезекті кезеңі Қарақалпақ елді мекенінде жалғасын тапты. Нысанның ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысы және аудандық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындармен кездесті.
 
Мәслихат төрағасы өз құттықтауында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы мен сайлаушылар аманатының орындалуына тоқталды. Ол Қарақалпақ ауылына табиғи газдың келуі өңірді дамыту жоспарының шеңберінде атқарылған маңызды іс екенін жеткізді.
 
Рәсім аясында төраға газ тарату пунктінің жұмысымен танысып, мердігер мекеме өкілдерімен жұмыс сапасын талқылады. Ауыл тұрғындары өкілді орган басшысына инфрақұрылымдық мәселелердің оң шешімін тауып жатқаны үшін ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ендігі кезекте ауылдағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілетін болады.
 
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты