Бүгін Жылға ауылдық округіне қарасты Шайхана елді мекенінде табиғи газ берудің салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары арнайы қатысып, тұрғындарды айтулы қуаныштарымен құттықтады.
Өз сөзінде мәслихат төрағасы халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. «Бүгін пайдалануға беріліп отырған газ жүйесі – тек жайлылық қана емес, бұл ауыл тұрмысының жаңа деңгейге көтерілуінің айғағы. Мәслихат депутаттары алдағы уақытта да округтегі әлеуметтік мәселелердің шешілуін бақылауда ұстайды», - деді ол.
Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдарымен бірге газ алауы жағылып, үйлерге газ кіргізудің техникалық дайындығы пысықталды. Бұл жобаның аяқталуы Шайхана ауылындағы ондаған отбасының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты