САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 39-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 39-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
 
Бүгін Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 39-сессиясы өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
– «2026–2028» жылдарға арналған қала мен ауылдық округтердің бюджеті;
– Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу мәселесі.
Сессия жұмысына Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы төрағалық етті.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Н. Талипов, Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Мұратов, Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Т. Алиев, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сессия қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты