САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 38-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 38-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
 
Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде қаралды:
1. «2026-2028» жылдарға арналған Сарыағаш аудандық бюджеті туралы;
2. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
3. Жемісті ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
4. Жібек жолы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
5. Тегісшіл ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
6. Әлімтау ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
7. Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
8. 2026 жылға арналған Сарыағаш аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы;
9. Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
10. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
11. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;
12. Сарыағаш ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы;
13. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16-124-VIII «Сарыағаш ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
14. Сарыағаш ауданының кейбір елді мекендерінде электр жүйелерін іске қосу бойынша атқарылған жұмыстар туралы;
Сессия барысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзекті сұрақтар көтеріп, ұсыныстарын білдірді, тиісті сала басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді. Қаралған мәселелер сессия аясында талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияға Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы төрағалық етті. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаттары, әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.