Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 24 жетоқсан күні  сағат 10:00-де Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында, кезекті отыз сегізінші сессиясы сағат 16:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

 

                   Сессия қарауына енгізілген мәселелер:     

  1. «2026-2028» жылдарға арналған Сарыағаш аудандық бюджеті туралы;
  2. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  3. Жемісті ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  4. Жібек жолы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  5. Тегісшіл ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  6. Әлімтау ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  8. 2026 жылға арналған Сарыағаш аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  9. Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
  10. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
  11. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                 Р. Асылбекұлы