Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз бесінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз бесінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2025 жылғы             28 қараша күні сағат 12:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы       2025 жылғы 28 қараша күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.

 

 

Сессия қарауына енгізілген мәселелер:   

 

  1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы №5-52-VIII «Б» корпусы Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешiмiнің күші жойылды деп тану туралы;
  2. Сарыағаш ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.

 

 

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                              Р. Асылбекұлы