Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 3 қазан күні  сағат 10:00-де Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында, кезекті отыз төртінші сессиясы сағат 16:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

 

                   Сессия қарауына енгізілген мәселелер:     

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы;
  2. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  3. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  4. Сарыағаш аудандық мансап орталығы филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  5. Сарыағаш ауданының жылу маусымына дайындығы туралы;
  6. Дербісек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  7. Қызылжар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  8. Қабланбек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  9. Дарбаза ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  10. Құркелес ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  11. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;
  12. Сарыағаш аудандық кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы;
  13. Сарыағаш аудандық аумақтық, округтік учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                 Р. Асылбекұлы