Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы
Бүгін Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы өтті.
 
Бүгін Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясына Сарыағаш аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, бюджеттік мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат өкілдерi қатысты.
 
Бүгінгі сессияның күн тәртібі бүгінгі болып өткен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында нақтыланып, күн тәртібіне 13 мәселе енгізілді.
 
1. 2024 жылға арналған Сарыағаш аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
2. Қала, ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы;
3. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданы бойынша 2024 жылғы Сарыағаш аудандық бюджетінің атқарылуы туралы;
4. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданының қала, ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы;
5. Көктерек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
6. Жылға ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
7. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
8. Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
9. Жарты төбе ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
10. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;
12. Сарыағаш аудандық жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы;
12. Сарыағаш ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы;
13. «Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 7-67-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
 
Хабарламашыларға депутаттар тарапынан тиісті сұрақтармен ұсыныстар беріліп, шешімдер толығымен қабылданды.
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты