Бүгін Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына, дербес бөлім басшылары, бюджеттік мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
1. 2024 жылға арналған Сарыағаш аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
2. Қала, ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы;
3. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданы бойынша 2024 жылғы Сарыағаш аудандық бюджетінің атқарылуы туралы;
4. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданының қала, ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы;
5. Көктерек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
6. Жылға ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
7. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
8. Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
9. Жарты төбе ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
10. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы.
11. Сарыағаш аудандық жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы;
12. Сарыағаш ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы.
13. «Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның
дербес құрамын бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023
жылғы 22 қыркүйектегі № 7-67-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.