Электронды кезек құрылымы қандай?

Электронды кезек құрылымы қандай?

Электронды кезектің негізгі құрамы:

- электронлы талон терминалы;

 - аудиохабарлама;

- электронды кезек таблосы.

 ХҚКО-ға келушілерді электронды кезек жүйесі қызметтер түріне қарай топтастырады:

- жылдамдық аймағы;

- дайын құжаттарды беру аймағы;

- жайлылық аймағы;

- құжаттандыру аймағы;

- әлеуметтік қызметтер аймағы.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына электронды талон талап етілмейді.

Әрбір топтың электронды нөмірі таблода түрлі түстермен айқындалған. Келушілер өз нөмірлері мен түстелген аймақтардың арқасында орталықта қажетті бағытын оңай таба алады.

Бірыңғай электронды кезек жүйесі ХҚКО-ның ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Бұл еліміздегі барлық ХҚКО-лардан келушілер саны жайлы мәліметтерді дереу алуға көмектеседі.

Сіз бөлімдерге кезекті өзіңізге қолайлы уақытқа «ХҚКО» мобильді қосымшасы, egov mobile қосымшасы немесе электронды үкімет порталы арқылы алдын ала брондай аласыз. Цифрлық талонды бөлімнің ресепшнындағы  QR-кодтың көмегімен алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ