8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

      Сіздерді жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш ететін көктемнің тамаша мерекесі — 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен, шексіз құдіреттің иесі - аналардың орны әрқашанда ерекше. Халық түсінігінде әлемде үш жарық нұр бар деп біледі: біріншісі – күннің нұры, екіншісі – данышпандық нұры және үшіншісі – ананың нұры. Біздің халқымыз «Даналардың өзі аналардан жаралады», – деп бекер айтпаған.

      Ұлы дала ұрпақтары әр уақытта анасын ардақтаған, әлпештеген, қыздарын қадірлеген. Сол дәстүрді лайықты жалғастырыру - біздің міндетіміз.

      Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, шаттық, мызғымас денсаулық, ұзақ өмір, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!

      Мереклеріңіз құтты болсын!