Енді Қазақстандықтар сенімхаттардың барлық түрлерін электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік алды.
Қазақстан нотариаттық іс-қимылдың осы түрін цифрлық форматқа аударған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Бүгінгі таңда сенімхаттың нотариалды куәландыруы тек Франция мен Литвада онлайн режимде қол жетімді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлауалды
бағдарламасында E-gov мобильдік косымшасының базасында, мемлекет халықпен жане бизнеспен өзара іс-қимыл жасауы үшін тісті цифрлық инфрақұрылым кұру туралы айтқан болатын. Бүгінгі «Цифрлық нотариат» жобасы осы бағыттағы жұмыстардың бірі. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік органдармен бірлесе қазақстандықтардың өмірін жеңілдету бағытында пайдалы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз»- деді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.
Цифрлық сенімхатты ресімдеу ушін:
1. eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;
2. өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;
3. жеке басын растау үшін қосымшадан нотариуска бейне қоңырау шалу;
4. белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметтеріне ақы төлеу;
5. "сандық құжаттар" бөлімінде сандық сенімхат алыңыз.
Бұл қызметті кез келген нотариус өтініш берген сәтте еркін көрсете алады. Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша кағаз нұсқасымен теңестіруге болады.
Бұл ретте, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында eGov Mobile қосымшасында авторизациялау кезінде де, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін қолдана отырып ЭЦҚ пайдаланылады.
ақпарат: министрліктің баспасөз қызметі