Жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді

Жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді

     Бұл заңға сәйкес бүгіннен бастап, Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Яғни жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейді.

     Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге ие болу, жеңілдетілген несие алу, т.б. игіліктерге ие болады.

     Сонымен қатар:

1. Жастардың даму индексі;
2. Уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар);
3. Жастармен жұмыс жөніндегі маман;
4. Жастардың еңбек жасақтары ұғымдары ресми түрде қолданылады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.