
Қарағанды облысының кәсіпкерлері заңгерлік және бухгалтерлік көмек, салық және қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес, сондай-ақ бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша қолдау ала алады. Ол үшін аймақтық кәсіпкерлер палатасы базасында жұмыс істейтін Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына (КҚО) жүгінсе жеткілікті.

КҚО қызметкерлері мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіреді, бизнесті ашу немесе жабу бойынша нұсқау береді, ЭҚТЖК (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы) таңдау мен салық жүйесін анықтауға көмектеседі, сондай-ақ келісімшарттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды дайындауға қолдау көрсетеді. Мұнда қаржыландыру және бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша да толық кеңес алуға болады.
Қызметтер облыс орталығында ғана емес, барлық қалалар мен аудандарда да қолжетімді.
Қарағанды қаласындағы Тәттімбетов көшесі, 709, 2-қабатта орналасқан КҚО қызметтердің ең толық тізімін ұсынады, тел.: 8 (7212) 50-64-12, байланыс-орталық — 1432.
Қалалар мен аудандардағы КҚО мекенжайлары:
Балқаш – Шашубай шағын ауданы 3Г, «Күлия-2» бизнес-орталығы, кеңсе 1, тел.: 8 (71036) 5-82-53;
Саран – Қужанова көшесі, 2, тел.: 8 (72137) 79070;
Қарқаралы ауданы – Әубәкіров көшесі, 25, тел.: 8 (72146) 79034;
Бұқар жырау ауданы – Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41Б, тел.: 8 702 6863625, 8 702 1425784;
Осакаров ауданы – Достық көшесі, 35/2, тел.: 8 (72149) 5-08-12;
Абай ауданы – Жеңіс даңғылы, 2, тел.: 8 (72131) 79009;
Шахтинск – Парковая көшесі, 11, тел.: 8 (72156) 49596;
Ақтоғай ауданы – К. Байсейтова көшесі, 2, тел.: 8 (71037) 21273;
Шет ауданы – Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 141А, тел.: 8 (71031) 21641;
Теміртау – Құрылысшылар даңғылы, 47, тел.: +7 708 4300972;
Приозерск – Жеңіс гүлзары, 4/2, тел.: 8 (71039) 70114.
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша