Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Президент Жарлыққа қол қойды

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Президент Жарлыққа қол қойды

        Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.

        «Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектті кеңінен енгізу мақсатында қаулы етемін:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», — делінген құқықтық актіде.