
«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндетін атаңыз?
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық - құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
Ақтас кентіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың басты мақсаты?
Жергілікті өзін – өзі басқарудың негізгі міндеті-әлеуметтік-экономикалық дамуға, абаттандыруға, өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуді, сондай-ақ жергілікті халықтың мүдделерін білдіруді қоса алғанда, аумақты жергілікті деңгейде басқаруды қамтамасыз ету.
Ақтас кентінің жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің түпкілікті қорытындысы?
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және Ақтас кентінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің нәтижесі жергілікті халықтың әл-ауқаты мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық өсу үшін жағдай жасау және жергілікті деңгейде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.
Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы жұмысының мақсаты қандай?
Кәсіпорын қызметінің мақсаты - мазмұнды бос уақытты, шығармашылық әлеуетті, балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуін ұйымдастыру, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың демалысы, мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы қандай қызмет түрлерін жүзеге асырады?
Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салттарды сақтау, насихаттау, оларды Қазіргі тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;
2) Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, ән және би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
4) мәдени-сауық қызметі мен халық шығармашылығында озық тәжірибені зерделеу, қорыту, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;
5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;
6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;
7) мәдени-сауық қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, түрлі мәдени акцияларды, ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау;
8) халық және өзіндік шығармашылық ұжымдарының ақылы спектакльдерін, концерттерін, демалыс кештерін ұйымдастыру;
9) клуб құрылымдарын, өзін-өзі өтейтін үйірмелерді, түрлі бағыттағы курстарды дамыту.