«Таза Қазақстан»: Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлері сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан»: Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлері сенбілікке шықты

Көктем — жаңару мезгілі, ал елорда оны қамқорлықпен және жанашырлықпен қарсы алуда. «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлері шет қалмай, жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.

Ведомствоның басшылығы мен ұжымы қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі — елордамыздағы ең жас әрі болашағы зор саябақтардың бірі саналатын Ботаникалық бақты тазалауға шықты. Науқан қатысушылары тырма мен қолғаптарын алып, ұзаққа созылған қыстан кейін қаланы көгалдандыруға, санитарлық тазалық пен абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Алайда бұл сенбілік жай ғана тазалық сақтау шарасы емес. Бұл — әр адамға арналған үндеу: тазалыққа деген қамқорлық ең алдымен өзімізден басталады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа және қалалық кеңістікке жанашырлықпен қарау — осы шараның басты идеялары болды.

Еңбек ұжымдарының белсенділігі — қаламызға деген сүйіспеншіліктің тек сөзбен емес, іспен де көрініс табатынын айқын көрсетеді. Көлік министрлігі барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға шақырады, өйткені таза қала — өмір сүргің, еңбек етіп, мақтанғың келетін қала!