Қазақстанда автожолдарды қысқы кезеңде күтіп-ұстау мәселелеріне арналған халықаралық семинарға әлемнің әр түкпірінен 100-ге жуық жолшы жиналды

Қазақстанда автожолдарды қысқы кезеңде күтіп-ұстау мәселелеріне арналған халықаралық семинарға әлемнің әр түкпірінен 100-ге жуық жолшы жиналды

Астанада қысқы жол күтіміне арналған халықаралық семинар өтті. Оған 50 елден келген 100-ге жуық маман қатысты. Қатысушылар экстремалды климат жағдайында жол инфрақұрылымын күтіп ұстау бойынша озық технологияларды, цифрлық шешімдерді және үздік тәжірибелерді талқылады.

«Бүгінгі бірлескен жұмысымыз жемісті ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайтудың бастамасы болсын», — деп атап өтті Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев.

Кадрларды даярлау, инновацияларды енгізу және қыс мезгілі кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дүниежүзілік жол қауымдастығының Президенті Эмануэлла Стокки Қазақстандағы ұйымдастыру деңгейінің жоғары болуын сөз етіп, мұндай кездесулердің халықаралық серіктестік үшін маңыздылығын атап, алғысын білдірді. Сондай-ақ ол келесі жылы PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының үлкен отырысының Францияда, ал қорытынды сессиясының 2027 жылы Канадада өтетінің атап өтті.