Еліміздегі ақылы учаскелер бойынша жол жүру тарифтері жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен болып қала бермек
Жыл сайын еліміздің автомобиль жолдарын күтіп ұстауға шамамен 60 млрд теңге қажет. Осыған байланысты, бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін Қазақстанда кезең-кезеңмен ақылы учаскелер енгізілуде. Қазір Қазақстанда 3,2 мың км ақылы жол бар. Биыл 11 айда олардан 26,5 млрд теңге түскен.
Келесі жылы ақылы учаскелердің үлесі 1,2 мың шақырымға ұлғаяды, ал 2029 жылға қарай автожолдарды реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталуына байланысты ақылы жүйе 11 мың шақырымды қамтиды деп жоспарланып отыр.
Көлік министрлігі ақылы жол жүйесі бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын, бұл ретте отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық негізде сатып алу мүмкіндігімен абоненттік төлем көзделгенін атап өтті.
«Қазақстандағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру тарифтері жақын және алыс шетелдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен болып табылады. Соңғы уақытта бізде транзиттік ағынның өсімі байқалуда, сондықтан жолдардың жөнделген учаскелерінің сақталуын қамтамасызету мақсатында жол ақысы ставкалары нарттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде», деді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметтің отырысында.