
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары туралы айтып берді
Ведомство басшысы 2023 жылғы су тасқыны кезеңі штаттық режімде өткенін, сондай-ақ жол төсемі мен жасанды құрылыстардың шайылып кету қаупі туындамағанын жеткізді. Бұған қоса министрлік тарапынан автомобиль және темір жолдарды алдағы су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
«Қауіпті кезеңге автомобиль және темір жолдарды дайындау барысы тұрақты бақылауда. Барлық қажетті іс-шара өткізіліп келеді. Кешенді шаралар су тасқыны қауіпі жоғары учаскені азайтуға, жолдардың қирауын алдын алып, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кейінгі 3 жылда су тасқыны қаупі бар учаске 1,2 есеге азайды», деді Марат Кәрімжанұлы.
Автожолдардың республикалық желісі бойынша су тасқыны қауіпті 396 учаске, 68 көпір және 768 су өткізу құбыры анықталды. Биыл IV тоқсаннан бастап автожолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражат есебінен қажетті инертті және басқа да материалдарды (құм, қиыршық тас, қоқыс тас, қаптар) дайындау басталады.
Бұдан басқа аталған учаскелерде автожолдарды жаңғырту және жөндеу шеңберінде жасанды құрылыстарды қосымша орнату, жер төсемі үйіндісінің биіктігін арттыру және су өткізу құбырларының саңылауларының диаметрін және тұтастай оларды ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
«Қазір тасқын қаупі жоғары учаскелерде 6 көпір мен 111 су өткізу құбырының құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Павлодар облысындағы «Қалқаман – Баянауыл» жол учаскесінде 2 көпір салынады деп жоспарланған. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында «Жезқазған – Петропавл» жол учаскесінде көпірлер мен су өткізу құбырларын жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр», деді министр.
Қажетті іс-шараларды теміржол саласында да ұйымдастыру қолға алынды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы құрал-жабдықты, материалдарды, тұрмыстық мақсатта қолданылатын тастарға арналған платформаларды, рельстік пакеттер мен кондициялық емес темірбетонды шпалдардан тиеуге арналған жабық вагондардан тұратын тасқынға қарсы поездар жасақталып жатыр.
Мәселен, 2023 жылғы су тасқыны кезеңінде 292 вагоннан тұратын тасқынға қарсы 45пойыз дайын тұрды.
Алдағы кезеңге жылдағы жоспарға сәйкес шамамен 2,5 мың текше метр тұрмыстық тас және 8 мыңнан астам кондициялық емес темірбетон шпалы дайындалмақ.
Қауіпті кезеңде жедел шаралар қабылдау үшін 17 арнайы металаралық құрылым, 44 рельс пакеттері дайындалды. Сондай-ақ ТЖМ аумақтық органдарымен теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттердің жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.