Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде көктемнің шуақты мерекесі атап өтілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде көктемнің шуақты мерекесі атап өтілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейісбеков ұжымның қыз-келіншектері мен ведомствоның құзырындағы салаларда еңбек еткен ардагерлерді 8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Сіздерді шуақты да мейірлі, нәзік те әсем мерекемен құттықтаймын. Халқымызда «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бар. Расында бүгінгі таңда қоғамның қай саласын алсақ та, ер азаматтармен иық тірестіріп, жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Еліміздің дамуында нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Әрқашан гүлдей жайнап, күндей жарқырап жүріңіздер», — деді вице-министр.

Айта кеткен жөн, бүгінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде 400-ден астам ару жемісті де жігерлі еңбек етіп жүр, олардың қатарында көпбалалы аналар да бар.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі