Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын !

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын !

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы баршаңызды еліміздің ең басты ұлттық мерекесі – Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік күнінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Дербес мемлекет ретінде еліміз 30 жылда қол жеткізген жетістіктері мен алған асулары әлемге аян. Қазақстан тарихы бай, мақсаты айқын, әлеуеті зор ел екендігін дәлелдеді. Ішкі және сыртқы саясатын, экономикалық даму бағытын қалыптастырды. Болашақта еліміздің алар асуы мен шығар шыңы одан да биік боларына үмітіміз зор, сеніміміз кәміл. 

Елдік мақсат-мұрат жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болсын.

Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат-қуат, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Жылдан жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Бейбітшілік мен Ұлттық бірлігіміз нығая берсін!