18-19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» Халықаралық көрмесі өтеді.

18-19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында,  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен  «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» Халықаралық көрмесі өтеді.

18-19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында,

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен

«Қазавтожол-Kaztraffic-2021» Халықаралық көрмесі өтеді

Сіздерді «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» XVII Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырамыз, көрмеде жол салу, жөндеу, автомобиль жолдарын күтіп ұстау саласындағы соңғы жетістіктері ұсынылады.

Іс-шараның ашылуы 18 қарашада сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 мекенжайында орналасқан «Expo» Халықаралық көрме орталығында өтеді. Одан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшылығының қатысуымен экспозицины аралайды.

Бұған қоса, барлық журналистердің эскпонент-компаниялармен тілдесуге мүмкіндігі болады.

Көрме аясында іскерлік іс-шаралар жоспарланған, атап айтқанда:

  • «Ғылым және инновациялар. Автомобиль жолдарын салу және пайдалану сапасын арттыру» конференциясы. ҚР ИИДМ АЖК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Қазавтожол» ҰК АҚ, «ЖАҰСО» РМК.

I-секция: Жол салу, жөндеу және жолдарды күтіп ұстаудағы инновациялық технологиялар мен материалдар.

II-секция: «ЗКЖ-ақылды жолдар».

  • «КРЕДО-дағы BIM технологиялар» шеберлік класы, Мәскеу қ.

Көрме экспозициясын автомобиль және аэродром жолдарының жабындарын салу, жөндеу, күтіп ұстаудың заманауи технологияларын өндіру мен енгізуді жүзеге асыратын компаниялар ұсынады. Сондай-ақ техниканың, геосинтетикалық материалдардың, сапаны бақылау аспаптарының, тосқауыл қоршаулардың, бетон зауыттарының, асфальтбетон зауыттарының, автобетон араластырғыштардың, эмульсиялық қондырғылардың, битумды модификациялау қондырғыларының, көлденең таңбалауға арналған материалдар мен техниканың кең гаммасын жеткізуді жүзеге асыратындар.

Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусияның, Украинаның, Германияның, Францияның, АҚШ-тың кәсіпорындары жол салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы өздерінің үздік әзірлемелерін ұсынады.

Ыстамбұл қ. Bosphorus Expo көрмесінің серіктесі ұйымдастырған Түркияның экспозициялары жеке ұсынылатын болады.

Көрмеге Қазақстан Үкіметі автомобиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану сапасын қамтамасыз ету үшін құрған Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы қатысады.

Орталық кәсіпорынның барлық бизнес-процестерінің жоғары тиімді әрі ашық болуын қамтамасыз ету үшін цифрландыру элементтерін белсенді түрде енгізіп келеді.

  • автожолдарды орташа жөндеу жөніндегі жобалардың ведомстволық сараптамасының электрондық порталы;
  • «KazRoadLab» бейінді бағдарламалық шешімінің мобильді нұсқасы. Бағдарлама құрылыс нысандарында жүргізілетін жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаудың барлық процестерін автоматтандыру және цифрландыруға арналған;
  • автомобиль жолдары жабынына бейне ақау іздеу және нейрондық желілер технологиясын қолдана отырып паспорттау. Қазіргі таңда ақауларды өңдеу жасанды интеллект негізінде Орталық әзірлеген бейне тіркеу жүйесінің арқасында автоматты түрде жүзеге асырылады. Бүгінде жолдарды паспорттау жүріп өткен жол, жол геометриясы, координаттар, жолтабан, көлденең және бойлық тегістік тіркелетін динамикада жүргізіледі, бұдан әрі цифрлық деректер ДК-де өңделеді.

Осының барлығы туралы толық ақпарат, сондай-ақ «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» халықаралық көрмесінің пленарлық сессияларында сөз сөйлеулер ұсынылатын болады.

Іс-шараны тұрақты ұйымдастырушылардың бірі Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты. 62 жыл ішінде ҚазжолҒЗИ өзінің ғылыми-техникалық қызметінің маңызды нәтижелеріне қол жеткізді, оның ішінде: ғылыми жаңалықтар; жаңа инновациялық материалдар мен технологияларды әзірлеу және енгізу; ең заманауи жабдықтармен жабдықталған мықты зертханалық базаны құру; автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру және тағы басқалар.

«Нұрлы Жол» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде институт автожол саласын цифрландыру бойынша жобаларды іске асыруға белсенен атсалысады:

  автомобиль жолдарын салу және жөндеу процесін цифрландыру үшін «Жол құрылысының атқарушы моделі» (ЖҚАМ) жүйесі әзірленіп жатыр;

  • Ақтау, Қарағанды қалаларының «Көше-жол желісін басқару» (КЖЖ) жүйесі әзірленіп жатыр;
  • 2020 жылы орындалған ұзындығы 2290 км автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау нәтижелері «Жол активтерін басқару жүйесіне» (ЖАБЖ) жүктелді;
  • автомобиль жолдарының зерттелетін учаскелерінде температура мен ылғалдылық өткізгіштерінен деректерді автоматтандырылған алу жүйесі әзірленген;
  • 1200-ден астам құжаттан тұратын «Infozhol» автожол саласының нормативтік-құқықтық актілері мен құжаттарының электрондық базасы жаңартылды.

Автомобиль жолдары саласында әлемде алғаш рет ғылыми жаңалықтар орын алды:

  • «Төмен температуралы жарықтар пайда болған кезде асфальтбетон жабынының өзін-өзі ұйымдастыру заңдылығы»,
  • «Тұтқыр серпімді материалдардың сатылы тоза бастаған деструкциясының заңдылығы (Телтаев қағидаты)»,
  • «Наноқұрылымды битумның пайда болу құбылысы».

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ «QAJ mobile» мобильді қосымшасын таныстырады. Бұл қосымша Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдарының барлық иелеріне теңгерімді толтыру, ақылы автомобиль жолдарынан өткен жол есебін көру, көлік құралы туралы үзінді көшірмені алу мүмкіндігін тегін ұсынады. Жұмыс нәтижелері мен даму перспективалары туралы толық ақпаратты «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мамандары «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САПАСЫН АРТТЫРУ» конференциясында «Зияткерлік көлік жүйелері – ақылды жолдар» секциясы жұмысының барысында ұсынатын болады.

БАҚ басшылары мен мамандарын «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» көрмесіне қатысуға, іс-шараны басылым беттерінде және репортаждарда жариялауға шақырамыз.

Жұмысыңызға табыс, жаңа бағыттар мен келешек, ынтымақтастықтың жаңа түрлерін және де сәттілік тілейміз!

Сіздерді іс-шарамызда көруге қуаныштымыз!

Журналистерді тіркеу 18 қарашада сағат 9:00-ден бастап ашылады.

Әрі сізге ыңғайлы болуы үшін төменде берілген сілтеме арқылы ертерек тіркелу мүмкіндігі қарастырылған: http://vs-expocom.com/index.php?option=com_content&view=article&id=65&Itemid=219&lang=ru