Жолдар қысқы күтіп ұстауға сақадай сай

Жолдар қысқы күтіп ұстауға сақадай сай

Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қыста күтіп ұстауға дайындық жұмыстары аяқталды: арнайы техника, тайғаққа қарсы материалдар, жылыту пункттері мен өндірістік базалар дайын.

Атап айтқанда, «Қазақавтожол» ЖШС өндірістік қоймалар, қазандықтар мен өндірістік базалардың 550-ден астамын, қысқы арнайы техниканың 1087 бірлігін әзірлеген: шнекороторлар, ҚЖМ, автогрейдерлер, бульдозерлер және тиегіштер.  

Жол қозғалысына қатысушыларды көктайғақтан қорғау үшін құм мен ұнтақтың 135 мың текше метрі, шамамен 18 мың тонна химиялық реагент дайындалды.

Сондай-ақ жол жиегінен шөп шабу, су өткізу құбырларының саңылауларын жабу бойынша жұмыстар жүргізілуде, уақытша жол белгілері мен қардан қорғайтын қалқандар әзірленген.

Қазіргі уақытта Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын байқалады.

Жедел әрекет ету мақсатында арнайы техниканың  576 бірлігі жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта «Қазақавтожол» ЖШС пайдалану ұйымы тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.

Оңтайлы және қауіпсіз маршрутты алдын-ала таңдауға, қозғалыс ережелерін сақтауға және жазғы шиналарды қысқыға уақтылы ауыстыруға кеңес береміз.

Оқыс жағдай туындаған жағдайда Сіз "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ 1403 қысқа нөмірі бойынша хабарласа аласыз.