ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының құнын анықтау әдістемесі талқыға салынды.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының құнын анықтау әдістемесі талқыға салынды.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде төраға орынбасары Жамбыл Бахтиярдың төрағалығымен жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және елдімекендердің көшелерін орташа жөндеу бойынша жұмыстардың құнын анықтау әдістемесін қарастыруға арналған кеңес өтті. Кеңес жұмысына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "ҚазжолҒЗИ" АҚ, "Жол активтерінің ұлттық  сапа орталығы" РМК, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар мен елдімекендердің көшелерін орташа жөндеу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау жөніндегі бірыңғай әдістеме жоқ. Жиын барысында қатысушылар осы мәселені талқылап, орташа жөндеу жұмыстарының құнын анықтау бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірледі.

Кеңес қорытындысы бойынша орташа жөндеу жобаларының сметалық құнын анықтау кезінде ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының сметалық құнын анықтау бойынша бірыңғай бұйрықты қолдану туралы шешім бір ауыздан қабылданды.

Сондай-ақ, автомобиль жолдары мен елдімекендердің көшелеріне орташа жөндеу жүргізу кезінде тиімділігі тәжірибелік учаскелерде расталған жаңа технологияларды енгізуге қатысты бірқатар мәселелер қаралды.