Қазақавтожол жолдарды қысқа дайындап жатыр

Қазақавтожол жолдарды қысқа дайындап жатыр

Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қыста күтіп ұстауға белсенді дайындық жүргізілуде. Атап айтсақ, арнайы техника, тайғаққа қарсы материалдар, жылыту пункттері мен өндірістік базалар әзірленіп жатыр.

 «Қазақавтожол» ЖШС өндірістік қоймалар, қазандықтар мен өндірістік базалардың 550-ден астамын, химреагенттерді сақтауға арналған 100-ге жуық қойманы, сондай-ақ, 130-дан астам жылыту пунктісін дайындауда. 1200-ге жуық қысқы арнайы техника әзірленген: шнекороторлар, ҚЖМ, автогрейдерлер, бульдозерлер және тиегіштер.

Жол қозғалысына қатысушыларды көктайғақтан қорғау үшін 75 мың текше метрге жуық құм, 60 мың текше метрден астам ұнтақ, шамамен 18 мың тонна тұз, 14 мың тонна көмір мен отын қоры дайындалады.

Жол жиегінен шөп шабу, су өткізу құбырларының тесіктерін жабу, уақытша жол белгілері мен қардан қорғау қалқандарын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап күзгі-қысқы кезеңде тәулік бойы кезекшілік пен жолдарды патрульдеу ұйымдастырылады.