Астрахань-Атырау тас жолының нашарлығы туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат турасында

Астрахань-Атырау тас жолының нашарлығы туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат турасында

Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол.

Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады.

2018-2019 жылдары "Атырау-Астрахань" жолының бүкіл бойында жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталды.
2021 жылы ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.