Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті желі жолдарының 140 шақырымын жөндеу жұмыстары аяқталады

Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті желі жолдарының 140 шақырымын жөндеу жұмыстары аяқталады

Ағымдағы құрылыс маусымында Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті желі жолдарының 170 шақырымнан астамы жол жұмыстарының барлық түрлерімен  қамтылған. Жыл соңына дейін орташа жөндеу бойынша 9 жобаны аяқтау көзделіп отыр.

Атап айтқанда, облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 137 шақырым болатын жол учаскелері жөнделетін болады: "Үлкен Нарын-Күршім", "Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар", "Күршім-Қалжыр", "Мақаншы-Жалаңашкөл", "Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар", "Согорное-Барлық-Ақсу", "Күршім-Ақсуат-Жолнұсқау", "Семей-Курчатов" және "Таврия-Каменка-Тройницкое".

Бұдан бөлек, биыл өңірде "Құйған-Жалаңаш", "Үлкен бөкен-Көкжайық-Үлгілі малшы" жолдарына, сондай-ақ, Құйған және Тассай ауылдарына кіреберіс жолдарға орташа жөндеу жүргізу бойынша 4 өтпелі жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, облыста жергілікті желі жолдарының учаскелерін реконструкциялау жүргізілуде: "Ертіс өзені арқылы өтетін көпір", "Лопатино аралы маңындағы жол» және "Өскемен-Семей". Сондай-ақ, Өскемен және Семей қалаларының көше-жол желілерін жөндеу бойынша 17 жоба жүзеге асуда. Ал облыстың елдімекендерінде "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 32 жоба іске асырылып жатыр.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісі – республикадағы ең ұзын жолдардың бірі және 8584 шақырымды құрайды.  Жүргізілген жұмыстың арқасында жыл соңына қарай облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 89%-ын нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл көрсеткіш 85%-ды құрап отыр.