Республиканың 600 шақырымға жуығы күрделі жөндеумен қамтылған

Республиканың 600 шақырымға жуығы күрделі жөндеумен қамтылған

Жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл еліміздің бес өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 585 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілмек.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысында күрделі жөндеумен 248 шақырым жол қамтылған: «Қазталовка-Жәнібек-РФ шек.» және «Өнеге-Бисен-Сайқын». Алматы обласында жұмыстар «Алматы – Бішкек» (Алтын Орда) және «Көкпек – Кеген – Қырғызстан шек.» автомобиль жолдарында жүргізілуде. Сондай-ақ, жолшылар күрделі жөндеуді Қостанай облысындағы «Жезқазған – Петропавл» мен «РФ шек. -(Екатеринбургке) – Алматы» тас жолдарында жүргізуде. Павлодар облысында   «Қалқаман –  Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» және «Ленин – Ақсу – Көктобе – Курчатов» жол учаскелері жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Бұдан бөлек, биыл Солтүстік Қазақстандағы  «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолы жөнделмек.

Айта кету керек, күрделі жөндеу жолдың барлық компоненттеріне ұзақ қашықтықта әсер етеді. Ол топырақты нығайтуға, негіздегі ақауларды жоюға, дренаж жүйесін ретке келтіруге және жабындыны жөндеуге мүмкіндік береді. Жалпы, жылдың қорытындысы бойынша күрделі жөндеуден кейін 62 шақырым республикалық жолды пайдалануға беру көзделіп отыр.