"QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Қарағанды-Балқаш учаскесі бойынша жұмыс барысын тексерді

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Қарағанды-Балқаш учаскесі бойынша жұмыс барысын тексерді

Тексеруге Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Қарағанды филиалы, мердігерлік ұйымдардың, жол активтері сапасының ұлттық орталығының, техникалық қадағалау қызметінің өкілдері қатысты.

Қызметтік іс-сапары барысында қатысушылар жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын "Қарағанды-Балқаш" жобасының іске асырылуымен танысты.  Жол-құрылыс жұмыстарын орындау үшін жалпы ұзындығы 174 шақырым 4 учаскесінде "ҚазГерСтрой " БК" ЖШС және жалпы ұзындығы 189 шақырым болатын 4 учаскеде CITIC Construction Co., LTD сияқты екі мердігерлік ұйымы жұмысқа тартылды.

Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттамада Ақшатау және Жұмабек кентінде ЖПП (ДЭП),  Ақсу-Аюлы кентінде ЖПУ (ДЭУ) салу көзделген.

Қазіргі уақытта 8 құрылыс базасы орналастырылған. Өндірістік базаларда орындалатын жұмыстардың сапасын жаппай тексеру үшін аттестатталған 6 жол зертханасы жұмыс істеуде. 

Қайта жөндеу жұмыстары аясында 10 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 32 жол өтпесі, 2 көлік айрығы және теміржол арқылы өтетін 1 жол өтпесінің құрылысы қарастырылған.

Қазір учаскені қайта жөндеу үшін 700-ден аса техника мен  мың адам жұмылдырылды.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мәселелері бойынша сұрақтар, ескертулер мен ұсыныстар туындаған жағдайда "ҚазАвтоЖол " ҰК" АҚ-ның тәулік бойы жұмыс жасайтын Call-орталығына 1403 хабарласуға болады.

"Қарағанды-Балқаш" жобасын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда