2021 жылдың 1 тоқсанында автожол саласында 176 мемлекеттік қызмет көрсетілді

2021 жылдың 1 тоқсанында автожол саласында 176 мемлекеттік қызмет көрсетілді

2021 жылдың үш айында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалдары тұрғындарға 176 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Атап айтқанда, «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» бойынша 24 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сондай-ақ, ұлттық компания халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына техникалық шарт беру аясында 111 қызмет көрсеткен.

Бұдан бөлек, кiрме жолдар мен халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру бойынша 41 қызмет көрсетілді.

Айта кетейік, 2020 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық операторымен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 872 мемлекеттік қызмет көрсетілген.