Тәуелсіздік жобалары: Батыс Еуропа – Батыс Қытай

Тәуелсіздік жобалары: Батыс Еуропа – Батыс Қытай

Тәуелсіз Қазақстан үшін алғашқы және ауқымды жол жобасы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау болды. Құрылыс 2009 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен басталған болатын. «Бұл шын мәнінде ғасырдың халықтық құрылысы», - деп атап өтті бұл жоба жайлы Елбасы. 

Қазақстан аумағы арқылы өтетін дәліздің ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Жобаны іске асыру барысында 60-тан астам құрылыс-жол компаниясы тартылды. 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. 47 жаңа өндіріс орны құрылды және жұмыс істеп тұрған 8 нысан кеңейтілді. Құрылыс 2017 жылы аяқталды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жол жүру уақыты екі есеге қысқарып, көлік ағыны айтарлықтай ұлғайды. Дәліз бүкіл ел бойынша транзиттік жүктердің шамамен 90% -ын (2019 жылы 1,71 млн. тонна) қамтамасыз етеді. Жылдық орташа экономикалық тиімділігі 190 млрд. теңгеден асады. Бұдан бөлек, мұнда жол-көлік оқиғаларының саны саны 27%-ға және дүкен сөрелеріне жететін тауарлардың соңғы бағасындағы көлік компонентінің үлесі төмендеді.