Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңір басшысы Бердібек Сапарбаевпен бірге «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тасжолының құрылыс учаскелерімен жүріп өтіп, Шу ауданы әкімдігінде кеңес өткізді.
«Қазавтожол» АҚ аймақтық филиалының басшысы Айжан «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық жолының 266 шақырымын қайта жаңартудың бас мердігері «Синь-Синь «Құрылыс және дамыту жөніндегі қытай компаниясы» ЖШС және «АБК Автодор-НС» ЖШС құрамындағы консорциум болып табылатынын хабарлады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жол бойында екі бағытта жүргізілуде.
Министр мердігерлердің жұмыс тәжірибесіне, сондай-ақ қабылданған міндеттемелерді орындау сапасына негізделген рейтингі әзірленетіндігін атап өтті. Бұл адал мердігерлер пулын құруға мүмкіндік береді. Осылайша, сапалы жұмыстарды жүргізетін қосалқы мердігерлер бас мердігер ретінде қатыса алады.
Сондай-ақ, кеңес барысында құрылыс материалдарының баға белгілеу мәселесі талқыланды. Қаржы министрлігімен және монополияға қарсы агенттікпен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгертулер енгізу қажет деп жарияланды.
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» - Жамбыл облысы үшін маңызды жол жобасы. Жол Тәтті, Шу, Айдарлы, Бірлік, Хантау және Бурылбайтал елді мекендерінің бойымен өтеді. Қайта жаңартудан кейін жоба қазақстандықтарға Балқаш көлінің курорттық аймағының жағалауына жайлы жетуге мүмкіндік бере отырып, өңірдің көлік әлеуетін арттырады, сондай-ақ облыстың транзиттік әлеуетіне оң әсер етеді.
Бүгінде 128 шақырым жолда қозғалыс ашылды. Жобаны аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр.
Анықтама үшін:
«Меркі-Шу» жолының учаскесі Ib техникалық санатының параметрлеріне 4 қозғалыс жолағымен сәйкес келеді, «Шу-Бурылбайтал» учаскесі 2 қозғалыс жолағымен II техникалық санатына сәйкес келеді.
Қайта құру барысында 20 көпір мен жол өтпелері, 279 су өткізу құбырлары мен мал өткелдері, сондай-ақ елді мекендер маңында демалыс орындары мен автомобиль павильондары салынады.
Учаскені қайта құруға барлығы 687 бірлік техника мен 1 мыңнан астам адам жұмылдырылды.