"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-да республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының сапасын жақсарту және жөндеу мәселелері бойынша кеңес өтті

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-да республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының сапасын жақсарту және жөндеу мәселелері бойынша кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-да Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының сапасын жақсарту және жөндеу мәселелері бойынша кеңес өтті.  

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық жолдардың сапасын түзету туралы тапсырмасын ескере отырып, мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсарту мақсатында авторлық және техникалық қадағалауды күшейту туралы болды.  

Жиын барысында автожол жобаларын іске асыруға жауапты тұлғалар, шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығы жайында ескертілді. 

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша, "QazAvtoJol "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов мердігерлік ұйымдардың басшыларына, авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне 1 маусымға дейінгі мерзімде республикалық трассалардағы іске асырылатын және кепілдік учаскелеріндегі анықталған барлық ақауларды жою тапсырылды.   

Қажет болған жағдайда, шарттық міндеттемелерде, әкімшілік және қылмыстық заңнамада көзделген жұмыстарды орындау сапасының қазіргі заманауи стандарттарына жауап бермейтін ұйымдар мен мамандарға қатаң шараларды қолдануды ұсынды.

Сонымен қатар, Ұлан Әліпов құрылыс және автожол жөндеуде қолданылатын барлық материалдардың кіріс бақылауын жүзеге асыруды қатаң бақылауды, нысандарда техникалық қадағалау үнемі қатысуын, әрбір технологиялық процесті қадағалауды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау-сметалық және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін бақылауды тапсырды.

Мердігерлік ұйымдарға орта буын мамандарының жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қолдану ескертілді. Сонымен қатар, технологиялық процестерді орындауға қатысатын мамандарға және жұмыстың орындалу сапасы заманауи стандарттарына сай келмейтін болса жауапты тұлғаларға қатаң жаза қолдануды тапсырды.