Атырау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 190 шақырымы ретке келтірілмек

Атырау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 190 шақырымы ретке келтірілмек

Аталған өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жүзеге асырудың жоспары осындай. Бұл келесідей жобалар: Атырау-Астрахань 40 км, Мақат –Досор 22 км,  Қандыағаш-Мақат 128 км. Биыл «Атырау-Орал» автожолы бойынша жоба-сметалық құжаттаманы жетілдіру қолға алынды. Аталған тас жолдың Атырау облысы аумағындағы жалпы ұзындығы 487 шақырымды құрайды.  

Айтып өту керек, 2020 жылы Атырау облысында жолшылар 20 шақырым жолды реконструкциялады. Жол жамылғысының төменгі қабаты бойынша жұмыстар 90 шақырым жолда жүргізіліп, ондағы қозғалыс ашылды. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 100 шақырымы орташа жөндеуден өтті. «Атырау-Астрахань» автожолының 856 шақырымында А категориялы жол бойындағы қызмет көрсету нысаны қойылды. Онда сауда бекеті, жайлы дәретхана, автотұрақ, асхана мен мейманхана бар. Бұдан бөлек, нысан бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.