Жыл басынан бері Комитет төрағасы Сайранбек Бармақов 10-нан астам онлайн-өтінішті қарады

Жыл басынан бері Комитет төрағасы Сайранбек Бармақов 10-нан астам онлайн-өтінішті қарады

2021 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтар ҚР Ашық үкіметінің «Ашық диалог» блог-платформасында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасына 13 мәрте жүгінген. Өтініштердің басым бөлігі жалақы бойынша қарыздар, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі мен құрылысына қатысты мәселелер болды. Былтыр Төраға 56 өтінішті қараған болатын.

        Естеріңізге сала кетейік, ашық диалог – бұл мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланыс орнатуға арналған алаң. Мұнда әркім мемлекеттік органның бірінші басшысына жеке қабылдауға қатыспай-ақ, тікелей шағым, пікір немесе сұрақ қалдыра алады.