Осы аптада Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігінде кең ауқымды кездесу өткізілді

Осы аптада Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігінде кең ауқымды кездесу өткізілді

​​Осы аптада Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігінде кең ауқымды кездесу өткізілді.

Талқыға салынған басты тақырып - екі мемлекеттің өзара серіктестігін дамыту мәселесі.

Атап айтқанда, бірлесе жүзеге асыратын инфрақұрылымдық жобаларды қарастырдық.

Жоғары жылдамдықтағы Түркістан-Шымкент-Ташкент темір жолының және темір жолдың жаңа "Мақтаарал-Дарбаза" бағытының құрылысына ерекше назар аудардық.

Сондай-ақ, Өзбекстан Көлік министрінің м.а. Ильхам Махкамовпен әуе рейстерінің санын көбейту және жаңа бағыттар бойынша әуе қатынасын қамтамасыз ету туралы пікір алмастық.