
2017 жылғы 14 қыркүйегі күні БҰҰ-ң Қазақстандағы Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп (ҚР ИДМ), Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ-ЖЭҚ-ң «Қазақстандағы тұрмыстық электр құралдар мен жабдықтардың энергия тиімділік стандарттары, сертификатталуы және таңбаланылуы» жобасының ашылуы аясында конференция өтеді.
Конференция Жобаны жүзеге асырудың негізгі ережелерін талқылауға, Қазақстандағы тұрмыстық электр құралдары мен жабдықтардың энергия тиімділік стандарты, сертификатталуы және таңбаланылуы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жинауға арналады.
Атап айтқанда жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта бойынша Бағдарламасымен әзірленген U4E (United for Efficiency – Тиімділікке қол жеткізу үшін одақ) жаһандық бастамасының бөлшегі болып табылады.
Жобаның мақсаты - энергия тұтыну мен парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында қазақстандық нарықты энергиялық тиімді құралдар мен жабдықтарды пайдалану жағына өзгерту.
Жобада энергия тиімділіктің минималды стандарттарын енгізу, өнімнің таңбаланылуы мен мемлекеттік сатып алу ережелеріне сай келетін ерікті негізде энергия тиімділіктің жоғары стандарттарын енгізу қарастырылған. Жоба тоңазытқыштар, өнеркәсіптік электр қозғалтқыштар мен тарату трансформаторлары сияқты жабдықтардың үш санаты бойынша іске асырылады.