
Көлік министрлігінде мереке қарсаңында бірқатар іс-шаралар өткізіліп, еңбегімен көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Министрлік басшылығының атынан Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы Олжас Ғабделқайыровтың ата-анасы — Марат Ғабделқайырұлы мен Венера Нағымбайқызына арнайы Алғыс хат жолданды.
Министрлік басшылығы өз хатында Олжас Маратұлының өзіне жүктелген міндеттерді әрдайым жоғары жауапкершілікпен атқаратын үлгілі қызметкер екенін атап өтті. Мемлекеттік қызметте беделді, өз ісіне адал маман тәрбиелегені үшін ата-анасына зор алғыс білдірілді. Сондай-ақ, отбасына амандық, зор денсаулық және береке-бірлік тіледі.
Барша мемлекеттік қызметшілерді тағы да кәсіби мерекесімен құттықтаймыз