Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз қарсаңында «ҚАЖсервис» ЖШС филиалы ДЭУ-73 басшысы Ковалжи Валентина Сергеевна «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Ол мемлекеттік награданы Нұрлан Сауранбаев, Қазақстанның көлік министрінің қолынан алды.
Жоғары марапат көп жылғы адал еңбегі, жол саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары кәсіби біліктілігі үшін табысталды.
Валентина Сергеевна жол саласындағы кәсіби еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Өзінің еңбекқорлығы, мақсаткерлігі және жауапкершілігінің арқасында жол шебері қызметінен бастап, бас инженерге дейін көтерілді. Ал 2021 жылдан бастап Ақмола облысы Зеренді ауылында орналасқан ДЭУ-73 мекемесін басқарып келеді.
Еңбек жолында ол өзін тек білікті басшы ретінде ғана емес, жүрегі кең жан ретінде де көрсете білді. Валентина Сергеевна бірнеше рет қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қатысып, күрделі жағдайларда арнайы техниканы өзі басқарып, көмек көрсеткен. 2009 жылы екіқабат әйелді ауруханаға жеткізіп, екі адамның өмірін сақтап қалу әрекет жасаған.
Жауапты әрі күрделі қызметіне қарамастан, Валентина Сергеевна берекелі де тату отбасын құрып, бүгінде төрт қыз тәрбиелеп отыр.
Оның еңбегі мен кәсібилігі бірқатар марапаттармен де атап өтілген:
«Қазақавтожол 20 жыл» медалі
«Құрметті жолшы» төсбелгісі
облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттары
Сонымен қатар, 2025 жылы оның еңбек жолы туралы «Женщины и дороги Казахстана» журналында материал жарияланған.
Құттықтаймыз!