Ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту

Ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту

Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы байқалуда: қар, көктайғақ, боран.
Жолға шығуды жоспарлап отырған жолаушылар мен жол қозғалысына қатысы бар адамдарды қауіпсіздік шараларып сақтауға шақырамыз!
Мүмкіндік болса, жолға шықпаңыздар. Ал егер сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса:
• көлік жылдамдығын азайтыңыз;
• арақашықтықты сақтаңыз;
• күрт маневр жасаудан аулақ болыңыз;
• ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты алдын ала нақтылаңыз.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпарат алу, сондай-ақ өтініштер мен хабарламалар жолдау үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына 1403 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде мына нөмірлерге хабарласу керек:
• 112 – бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет
• 101 – өрт қызметі
• 102 – полиция
• 103 – жедел жәрдем
Өз қауіпсіздігіңіз бен жақындарыңыздың амандығын ойлаңыз. Жолда барынша мұқият болыңыздар!