Комитетте «Ұзынағаш – Отар» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқан қызметкерлер марапатталды

Комитетте «Ұзынағаш – Отар» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқан қызметкерлер марапатталды


Жоғары кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін мамандар «Құрмет» грамотасымен және қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін медальмен марапатталды.

Марапаттарды ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары табыс етіп, атқарылған еңбектің маңыздылығын алға тартты. Ол сондай-ақ жобаның табысты жүзеге асуы барлық мамандардың үйлесімді, әрі жауапкершілікпен атқарылған жұмысының нәтижесі екенін жеткізді.

Жиын барысында жұмысшы мамандық иелеріне, яғни жолшыларға ерекше көңіл бөлінді. Олардың күнделікті тынымсыз қызметі, жауапкершілігі мен жанкештілігі «Ұзынағаш – Отар» жобасының сапалы, әрі уақытылы аяқталуына негіз болды.

Марапаттау рәсімі саланың әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалауға бағытталды