«Kaztraffic-2025» – жол инфрақұрылымының жаңа көкжиектері

«Kaztraffic-2025» – жол инфрақұрылымының жаңа көкжиектері
 
2025 жылғы 19-21 қараша аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен «Kaztraffic-2025» ХХІ Халықаралық көрмесі өтеді.
Көрме жол құрылысы мен инфрақұрылым саласындағы ең ірі және беделді алаң саналады. Биыл шараға Қазақстан, Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және басқа да елдерден 300-ден астам компания қатысады.
Іс-шара барысында жол-құрылыс техникасы мен материалдарының заманауи үлгілері, сондай-ақ инновациялық және цифрлық шешімдер ұсынылады. Көрменің басты ерекшелігі – ғылыми-зерттеу жетістіктері мен жаңа технологияларға басымдық берілуінде.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы отандық инновациялық жобаларды таныстырады. Ал «Астана Тазалық» кәсіпорны экологиялық стандарттарға сай жаңа буындағы автоматтандырылған техникасын ұсынады.
Көрме барлық келушілерге ашық және тегін. Қатысу үшін ұйымдастырушының ресми сайтында алдын ала тіркеліп, электронды билет алу жеткілікті.
📌 19-21 қараша 2025 жыл
📍 EXPO халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1
🎉 Салтанатты ашылу: 19 қараша, сағат 10:00
«Kaztraffic-2025» – инновациялар мен жаңа серіктестіктердің алаңы.
Жол саласындағы жетістіктерді тамашалап, жаңа көкжиектерге бірге жол ашайық!